Жамбыл облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасына Байзақ ауданы Түймекент ауылының тұрғынынан құмды аумақтан табылған күдікті зат туралы хабарлама келіп түсті.
Баспасөз қызметінің қызметкерлері хабарламаға дереу жауап беріп, Байзақ ауданы полиция бөліміндегі әріптестеріне тапсырды.
Полиция оқиға орнынан авиациялық снарядқа ұқсас затты тауып, Полиция департаментінің саперлерін, өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды шақырды.
Келген саперлер снарядтың 1962 жылы шығарылғанын, салмағы 500 келі болатын 2,5 метрлік «ФАБ 500м-62» авиациялық бомба екенін, оның кез-келген минутта 200 метрге дейін жарылу қауіпі бар екендігін хабарлады.
Бомбаны залалсыздандыру үшін арнайы әскери техникаға тиеп, полигонға алып кетті.
Полиция департаментініне қауіпті әскери құрал туралы хабарлаған ер адам марапаттауға ұсынылды.
ЖО ПД баспасөз қызметі